Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Соңғы кездері ел тұрғындары алаяқтардың арбауына жиі түсіп, қылмыстық схемалардың құралына айнылып отыр. Бөгде біреудің ақшасын жай ғана аудару, қабылдау немесе қолма-қол ақшаға айналдыру – бұл жай ғана транзакция емес, заң алдында ауыр қылмыс болып саналады. Өкінішке қарай, азаматтар мұндай әрекеттердің артында қандай қауіп тұрғанын толық сезінбейді, деп жазады Egemen.kz.
Алаяқтар көбіне ақшаға мұқтаж немесе аңғал жандарды құрығына түсіреді. Әсіресе, жұмыс тәжірибесін талап етпейтін жеңіл табыс уәдесі студенттер мен мектеп оқушыларын да жиі қызықтырады. Олар табыс табудың оңай жолын ұсынып, адамдарды заңсыз әрекеттерге итермелейді.
Тек аударымды қабылдап, әрі қарай жіберу және сол үшін комиссия алғанда тұрған ешнәрсе жоқтай көрінеді. Алайда мұндай әрекеттер ауыр құқықтық салдарға, банк шоттарының бұғатталуына және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бұл жерде жауапкершілік тек ақшаны ұрлаған адамға емес, қаражат өткен карта немесе шот иесіне жүктеледі. Адам қаражаттың қылмыстық жолмен алынғанын білмесе де, оны дәлелдеу өте қиын болады.
Петропавлда 120 млн теңгені қолды қылған дропперлер сотталды
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін жеке қылмыстық жауамкершілік енгізілді (ҚР Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы). Ол бойынша мынадай жаза түрлері қарастырылған:
Банк картасын немесе шотын үшінші тұлғаларға бергені үшін – 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Өзгелердің мүддесі үшін аударымдар мен төлемдер жасағаны үшін – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
Қылмыстық схемаларда бөтеннің банк деректерін қасақана пайдаланғаны үшін – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сондықтан «оңай табыс» туралы уәделерге сыни көзбен қарау қажет. Мұндай «жұмыс» беделіңізге нұқсан келтіріп қана қоймай, ең қымбат құндылық – бостандығыңыздан айыруы мүмкін.
Соңғы жаңалықтар
АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:26
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді
Заң • Бүгін, 10:18
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады
Президент • Бүгін, 10:04
Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?
Экономика • Бүгін, 10:01
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 09:50
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:37
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:14
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Ата заң • Бүгін, 09:05
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
Қоғам • Бүгін, 08:55
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Құрылтай • Бүгін, 08:48
Қоғам • Бүгін, 08:45
Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 08:43