Бейжің бастауыш мектебінің оқушылары Қазақстан мәдениет орталығына барды шетелдегі қазақ баспасөзі

29.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұхарада халықаралық көкпар турнирі өтеді — ӨзА

Бұхара өңірі тағы бір мәрте дүбірлі додаға куә болмақ. Бұхара облысының Бұхара ауданында орналасқан Ұлттық гвардияның «Шабандоздар мектебі» алаңында 27–29 наурыз күндері халықаралық көкпар турнирі өтеді, деп хабарлайды «ӨзА» ақпарат агенттігі.

Фото: uza.uz

Хабарламада айтылғандай, даланың төсін дүбірге бөлейтін бұл сайыс Өзбекстан Спорт министрлігі, Ұлттық гвардия, елдің көкпар федерациясы және серіктес ұйымдардың қолдауымен бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы бәсекеге Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай елдерінен келген сайдың тасындай іріктелген командалар, сондай-ақ Өзбекстан намысын қорғайтын екі команда қатысады.

Ат тұяғының дүбірі мен шабандоздардың серкені іліп әкеткен сәттегі қайсарлық пен қайтпас рухы — бәрі де осы алаңда тоғысады.

Айта кету керек, бұл халықаралық турнир соңғы жылдары дәстүрлі сипат алып келеді. Ол 2022 және 2023 жылдары Сұрхандария облысында, 2024 жылы Ферғана өңірінде, 2025 жылы Наманган облысында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жанкүйерлердің зор ықыласына бөленген болатын.

Сондай-ақ «ӨзА»-да «Ташкентте автобустарға арналған арнайы жолақтарды ерекше тәсілмен белгілемек» деген мазмұндағы ақпарат жарияланды.

Келтірілген деректерге сүйенсек, Ташкент қаласында қоғамдық көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында автобустарға арналған арнайы жолақтарды ерекше тәсілмен белгілеу жоспарланып отыр.

Фото: ӨзА

Бұл туралы Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы хабарлаған.

Мәліметке сәйкес, қаладағы қоғамдық көлікке арналған «A» таңбалы жолақтар арнайы делиниаторлар, яғни жол бойына орнатылатын қоршаулар арқылы бөлінеді. Мұндай тәсіл автобустарға арналған жолақтарды айқын көрсетіп қана қоймай, басқа көлік құралдарының бұл жолақтарға кіруінің алдын алуға мүмкіндік береді.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама қоғамдық көліктің қозғалысын жылдамдатып, автобустардың уақыт кестесін сақтауға және қала жолдарындағы көлік ағынын тиімді реттеуге оң әсерін тигізеді.

Бейжің бастауыш мектебінің оқушылары Қазақстан мәдениет орталығына барды — Халық газеті

21 наурыз күні Бейжің қаласынан бастауыш мектептің 40-тан астам оқушысы Бейжіңдегі Қазақстан мәдениет орталығына барып, Қытайдағы Қазақстан елшілерімен және орталық директорымен бірге Қазақстанның салт-дәстүрлерімен танысты, деп хабарлады Халық газеті. 

Фото: Халық газеті

Аталған БАҚ-тың дерегінше, іс-шара барысында Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің мәдениет кеңесшісі қытай-қазақ мәдени алмасуларының жетістіктерін таныстырды. Оқушылар дәстүрлі киімдерді, қолөнер бұйымдарын және тарихи құжаттардың көшірмелерін көрді.

Сонымен қатар қысқаметражды фильмдерді тамашалау, дәстүрлі тағамдардың дәмін тату, ұлттық киімдерді киіп көру және би үйрену арқылы олар өзге мәдениеттің тартымдылығын сезінді.

— Қытайлық оқушылардың өкілдері ән айтып, би билеп, ұлттық аспаптарда ойнап, Қытайдың үздік дәстүрлі мәдениетін көрсетті, деп жазады қытайлық БАҚ.

Сондай-ақ осы аптада Халық газеті басылымында «Қытайлық телешоу Қазақстан топырағында» деген ақпарат жарық көрді

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, ән әуенімен бірге саяхат жасаңыз. Жақында Қазақстанда түсірілген «Көкжиек үні» атты эстрадалық телешоу таралып жатыр. Алты елден келген сегіз әнші 7436 шақырымдық мәдени сапар жолын бастады. Олардың сапары Қазақстанның Алматы, Түркістан, Астана, Ақтау сияқты төрт қаласын байланыстырады. Әншілер жергілікті жерге барып, базарларды, даланы, тұрғын үйлерді аралап, жергілікті өнерпаздармен бетпе-бет кездесіп, тіпті экспромттық ынтымақтастықта өнер көрсетті. Содан кейін өз сапарларынан алған шынайы әсерлерін сахнадағы туындыларға айналдырды.

Фото: Халық газеті

— «Көкжиек үні» телешоуын ҚХР Мемлекеттік радио және телевизия басқармасының халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшылығымен, Хунань радио және телевизия станциясы мен Қазақстан бірлесіп дайындаған. Бұл шоу тек Қытай телешоу өндірушілерінің инновациялық талпынысы ғана емес, сонымен қатар мәдениет арқылы халық арасындағы рухани жақындықты орнатудың жарқын тәжірибесі, — деп жазады Халық газеті.

Сонымен қатар осы аптаның соңында Халық газеті басылымында «Астана ЛРТ-сын басқару мамандарының төртінші төбы Тяньцзиньде оқуын аяқтады» деген ақпарат жарияланды.

Қытайлық басылымның дерегіне сүйенсек, 26 наурызда Тяньцзинь теміржол транзиттік тобы Астана жеңіл теміржолының төртінші топ басқару мамандары мен тыңдаушыларының оқу бітіру салтанатын өткізді. 20 маманның екі айға созылған тәжірибелік оқуы сәтті аяқталған. Сөйтіп, төртінші топ мамандарының курсты табысты бітіруімен Астана жеңіл теміржолының бірінші кезең құрылысы бойынша мамандар мен тыңдаушыларды Тяньцзиньде даярлау міндеті де толық аяқталған.

Фото: Халық газеті

Төртінші топ басқару мамандарының ұжым жетекшісі Ерік Досмұхамедұлының айтуынша, мамандар жұмысқа кірісуге дайын екен. Алдағы уақытта алған білімдерін Астана ЛРТ жұмысын жүргізуде қолданып, қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетпек.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, осы уақытқа дейін Тяньцзинь теміржол транзиттік тобы ел ішінде және шетелде 10 топтық оқу өткізіп, жиынтығы 300-ден астам Астана ЛРТ мамандарына жүйелі, кәсіби даярлық қызметін ұсынған. Мамандар Астана ЛРТ-сын пайдалануға дайындық жұмыстарына кезең-кезеңмен араласуда.

Әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады — ParsToday

Солтүстік теңіздің Брент мұнайының бір баррелінің бағасы апта соңына қарай, атап айтқанда жұма күні 110 доллардан асты және әлемдік нарықтарда өсу үрдісін жалғастырды, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі.

Фото: ParsToday

Ирандық басылымның хабарлауынша, АҚШ үкіметінің нарықты тыныштандыру үшін Иранмен конструктивті келіссөздер жүргізгенін айтып, Иранның энергетикалық нысандарына шабуылдан бас тартып, уақытын қайта ұзартқанына қарамастан мұнай бағасы қымбаттады.

Дегенмен, мұнай нарығы Трамп пен оның үкіметінің мәлімдемелеріне оң реакция көрсетпеді.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы әлемнің шамамен бір бесінші бөлігі сұйылтылған табиғи газ және мұнайының Ормуз бұғазынан өтуін тоқтатты. Сондықтан Халықаралық энергетика агенттігі бұл дағдарысты мұнай жеткізудегі ең үлкен үзіліс деп атады.

Анадолыдан табылған археологиялық жасырын қазыналары — TRT

Тарих бойы сансыз өркениетке құшағын ашқан Анадолы өткеннің ізін сақтаған жәдігерлерге толы. Бүгінге дейін көптеген маңызды қалдық жер бетіне шығарылғанымен, топырақтың тереңінде әлі де ашылуын күтіп жатқан талай мәдени мұра бар, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Мәдениет және туризм министрлігінің үйлестіруімен жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар Анадолының мыңдаған жылдық тарихын жарыққа шығаратын жаңа олжалардың табылуына жол ашып отыр. Түркияның төрт бұрышында, құрлықта да, су астында да жұмыс істейтін маман топтар инемен құдық қазғандай еңбек етуде. Олар сабырмен өткеннің іздерін біртіндеп қалпына келтіруге тырысып жатыр.

«TRT»-ның келтірген мәліметіне сүйенсек, 2025 жылы да Түркиядағы археологиялық жұмыстар «Болашаққа мұра» жобасы аясында үздіксіз жалғасқан. Әртүрлі қалада жүргізілген қазба барысында сансыз жәдігер жер бетіне шығарылыпты.

Фото: trtkazakh.com

Осы жылдың ең назар аударарлық археологиялық жаңалықтарын жеке-жеке таныстырған.

Атап айтар болсақ, Бартынның Амасра ауданы. Ол жерден Табиғи апаттардан қирағаны анықталған, Рим дәуіріне тиесілі биіктігі 9 метрге дейін жететін мәрмәр бағандарымен ерекшеленетін стоа құрылысы табылған.

Келесі бірі — Шанлыурфада «Тас төбелер жобасы» аясында жүргізілген қазбалар барысында тарихтың тереңіне бойлайтын бірегей олжа табылды.

Бұндағы туындылар шамамен 10 мың 500 жыл бұрынғы кезеңде жасалған.

Сондай-ақ су түбінен де тарихи қазыналар анықталған. Атап айтқанда, Анталияның Кумлуджа ауданындағы Адрасан жағалауында жүргізілген суасты археологиялық зерттеулер барысында Кейінгі эллинизмге (Ерте рим дәуіріне) жататын керамика тиеген кеме қалдығы табылған.

Сондай-ақ осы аптада «TRT»-да «АҚШ Таяу Шығысқа 10 000 әскер жіберуі мүмкін» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Түркия Радио Телевизия порталында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Пентагон АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен ықтимал бейбіт келіссөздерді талқылап жатқан кезде, әскери операцияларды күшейту мақсатында Таяу Шығысқа 10 мың әскер жіберу мүмкіндігін қарастыруда.

Түркиялық БАҚ-тың «The Wall Street Journal» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл жоспар жаяу әскер мен броньды техникаларды қамтитынын мәлімдеген.

Фото: armenpress.am

Қосымша күштер аймаққа бұрыннан жіберілген шамамен 5 мың теңіз жаяу әскері мен 82-ші әуе-десанттық дивизияның мыңдаған парашютшілеріне қосылады.

Сондай-ақ, әскерлердің нақты қай жерге орналастырылатыны әзірге белгісіз. Алайда шенеуніктер олардың Иран аумағына және ел жағалауындағы маңызды мұнай экспорт орталығы саналатын Харг аралына жақын жерге орналасуы мүмкін екенін атап өтті.

Бұдан бұрын МАГАТЭ Ирандағы АЭС маңындағы соққылар ядролық қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью