Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
«Дипломаттар мен бизнес көшбасшылары арасындағы диалог» форумына 60-тан астам елдің өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – нақты жобалар арқылы экономикалық әріптестікті күшейту болды.
Қытай халықаралық сауда және экономикалық ынтымақтастық академиясының өкілі Лю Хуацинь Қазақстанның 2029 жылға дейін ЖІӨ-ні екі еселеу жоспарына тоқталып, бұл өңірлік ынтымақтастыққа жаңа серпін беретінін айтты.
Форум барысында инвесторларға арналған жасанды интеллект негізіндегі арнайы платформалар таныстырылды. Бұл жүйелер Орталық Азия нарықтарын талдауға, тәуекелдерді бағалауға және бизнес жүргізуді жеңілдетуге мүмкіндік береді.
– Мұндай жүйе бірнеше минут ішінде терең талдау жасап, компаниялардың шығынын айтарлықтай азайтады. Құны дәстүрлі консалтинг қызметтерінен әлдеқайда төмен, – деді компания өкілі.
ЖИ жүйесінің деректер дәлдігі шамамен 90%-ға жетеді. Сонымен қатар ол заңды тұлғаларды тіркеу мен салықтық жоспарлауды автоматтандыруға көмектеседі.
Форумға қатысқан қазақстандық кәсіпкерлер электронды саудаға арналған еркін аймақтарды дамыту қажеттігін атап өтті. Олардың айтуынша, Қытайдағы жеңілдетілген кедендік режим Қазақстан үшін тиімді тәжірибе бола алады.
Айта кетейік, Қытай Meta-ның Manus ЖИ-стартапын сатып алу туралы келісімін бұғаттады.