Бейжің шетелдік туристерге арналған GO BEIJING платформасын іске қосты

30.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Платформаны қалалық ведомстволар мен Alipay төлем сервисі әзірленген. Сондай-ақ жобаға туризм, сауда және салық саласы құрылымдары тартылған.

Alipay қосымшасында пайдаланушыларға 16 тілде 39 қызмет қолжетімді. Олардың қатарында билет пен қонақүй брондау, сапарларды жоспарлау қызметтері бар. Сонымен қатар, жасанды интеллект гидін қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілген.

Бұдан бөлек, «сапар әмияны» функциясы жұмыс істейді. Ол трансшекаралық аударымдар арқылы шотты толықтырып, Қытай аумағында төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл сервис 40 елдің азаматтары үшін қолжетімді.

Айта кетейік, Бейжің шетелдіктер үшін жағдайды жақсартуды жалғастырып келеді. Мәселен, Шоуду мен Дасин халықаралық әуежайы аумақтарында қаржылық және көлік қызметтерін қоса алғанда 20-дан астам базалық қызмет көрсетілетін бірыңғай қызмет көрсету пункттері жұмыс істейді.

Қытай астанасына сапарларға қызығушылықтың артуы визасыз режимнің кеңеюімен де байланысты. Жыл басынан бері Бейжіңнің шекаралық бекеттері арқылы 7 миллионнан астам адам өткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,3 пайызға көп. Қазіргі уақытта Қытай 50 ел үшін біржақты визасыз режим енгізіп, 240 сағаттық транзитпен кіруге рұқсат етілген елдер тізімін 55-ке дейін кеңейтті.

Еске салайық, Қытай мамыр мерекелері алдында әуе рейстерін жаппай тоқтатты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью