Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда индустриялық даму қарқыны артқан сайын атмосфералық ауаның ластануы өзекті мәселеге айналып отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазгидромет дерегіне сүйенсек, республиканың 11 қаласында ауаның ластануы тұрақты жоғары деңгейде тіркелген. Ең күрделі ахуал Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе секілді ірі өнеркәсіптік орталықтарда қалыптасқан. Ауа сапасын жақсарту бойынша әкімдіктерге нақты тапсырмалар берілді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: istockphoto.com
Экология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаға түсетін салмақты азайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ) енгізу және өндіріс орындарын жаңғырту – негізгі басымдықтың бірі.
Қазіргі таңда 21 ірі кәсіпорында ҮҚТ қағидаттарына көшу басталды, тағы 22 өтінім қаралып жатыр. Сонымен қатар 22 энергия өндіруші нысан бойынша жылу энергетикасын жаңғыртудың кешенді жоспары бекітілді.
Ластанудың негізгі көзі – көлік пен жеке секторДегенмен ластанудың басым бөлігі ірі өндірістерден емес, шағын көздерден – автокөлік, жеке сектор және шағын бизнес нысандарынан туындап отыр. Мәселен, Алматыда зиянды шығарындылардың 60%-ы көлікке, ал 12%-дан астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі. Осындай жағдай Өскемен мен өзге де қалаларда байқалады.
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Тиімді шешімдерді зерделеу үшін министрлік өкілдері Қытайға барып, Бейжің қаласының тәжірибесімен танысты. Бейжің соңғы жылдары ауа сапасын басқарудың кешенді жүйесін енгізу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.
Экология және қоршаған орта министрлігімен өткен кездесулерде мынадай тетіктерге назар аударылды:
Көлікті электр тартқышына көшіру; Өнеркәсіп пен көлікке қойылатын нормативтерді қатаңдату; PM 2.5 бөлшектеріне қатысты ұлттық стандарттарды енгізу; Экологиялық аймақтар құру және шаңды бақылау жүйесін күшейту.Министрлік ұйымдастырған кеңесте Алматы және Өскемен қалалары әкімдіктерінің баяндамалары тыңдалды. Алматы әкімдігі әзірлеген атмосфералық ауаны қорғау қағидаларының жобасы таныстырылды.
Бейжіңнің оң тәжірибесін ескере отырып, министрлік әкімдіктерге 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын әзірлеуді тапсырды. Құжатта:
Жеке секторды газдандыруды субсидиялау және ынталандыру; Қоғамдық тамақтану орындары мен шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу; Нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қосуды ынталандыру, Қоғамдық көлік пен таксиді электр және газға көшіру; «Жұп-Тақ күн» жүйесі арқылы қозғалысты шектеу және экологиялық аймақтар құру; Өнеркәсіптік аймақтардың айналасында жасыл белдеулер қалыптастыру көзделуі тиіс.Сонымен қатар Экологиялық кодекстің 205 және 21-баптарына сәйкес әкімдіктерге ауаның ластануы бойынша жиынтық есептеулер әзірлеу, қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін айқындау және тиісті құжаттарды қалыптастыру тапсырылды. Талдау көрсеткендей, бұл стратегиялық құжаттарды барлық өңір әлі толық әзірлемеген. Осыған байланысты оларды жедел дайындау, келісу және бекіту жөнінде нақты міндеттер қойылды.
Министрлік өңірлік деңгейдегі үйлесімді іс-қимыл мен халықаралық тәжірибені тиімді енгізу атмосфералық ауаның сапасын жақсартудың және халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың басты шарты екенін атап өтті.
Соңғы жаңалықтар
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
24 айдың жұмысы 11 айда бітті: Алматы метросының жаңа Қалқаман бекеті қашан іске қосылады?
Алматы • Бүгін, 15:25
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
Ата заң • Бүгін, 14:44
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33