Бейжіңде шекарадан өтетіндер саны 7 млн нан асты

27.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қытай астанасы шекаралық бақылау қызметінің мәліметінше, осы кезеңде 2,28 миллионнан астам шетелдік азамат елге кірген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%-ға көп.

25 сәуірдегі дерек бойынша, Бейжіңге келген шетелдіктердің шамамен 828 мыңы визасыз режим немесе уақытша кіру рұқсаттарын пайдаланған. Бұл – жалпы келушілердің 70,4%-ын құрайды.

Мамандар мұндай өсімді визасыз режимнің кеңеюімен байланыстырады. Қазіргі таңда Қытай 50 ел үшін біржақты визасыз режим енгізген. Сонымен қатар 55 елдің азаматтарына 240 сағаттық визасыз транзит мүмкіндігі қарастырылған.

Жолаушылар ағынының артуына байланысты Бейжіңде шекаралық бақылау рәсімдері де жетілдірілді. Атап айтқанда, 240 сағаттық визасыз транзитке өтініш берушілер үшін «бір терезе» қызметі енгізіліп, туристерге кеңес беру және миграциялық карталарды толтыруға көмек көрсету ұйымдастырылған.

Айта кетейік, шекарадағы кезекті азайту үшін күту аймақтарына жаңа талаптар енгізіледі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью