Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Үкімет басшысы Олжас Бектенов әуежайларда авиакеросин саудасы саласындағы делдалдардың әрекеті тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін президент осы салада тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Себебі әуе керосинінің бағасы барлық қызметтің құнына әсер етеді.
"Біз авиаотын нарығындағы делдалдардың жұмысын тоқтаттық. Нәтижесінде авиаотынның бағасы 1 200 доллардан шамамен 900 долларға дейін төмендетілді. Бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігін тартымдырақ етеді", - деді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, биыл Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысы басталады. Оны бітіргеннен кейін бірінші жолақ жөндеуге жабылады. Ал барлық жұмыс аяқталғаннан кейін әуежайдың өткізу қабілеті төрт есеге артып, 40 млн жолаушыға дейін жетеді.