Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 18 наурыз– Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов барлық заңды жаңа Конституцияға сай өзгертуге тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Бектенов алдымен Ата заңның негізгі артықшылықтарын атады.
"Ол еліміздің саяси жүйесіне халықтың толыққанды қатысуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына, адам капиталының, ғылым мен мәдениеттің, цифрлық ортаның сапалы дамуына, экологиялық қауіпсіздіктің сақталуына кепілдік береді", - деді премьер-министр.
Ал үкімет алдағы реформалардың сапалы іске асыруына жауапты болады.
"Өз кезегінде, біз президенттің командасы ретінде, алдымызда тұрған мақсат-міндеттерге қол жеткізіп, реформалардың сапасы мен озық қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Үкімет парламентпен бірлесіп, тез арада бірқатар заңдар мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіруге тиіс", - деп атап көрсетті Бектенов.
Атап айтқанда, 5 жаңа және қолданыстағы 8 конституциялық заңға, сондай-ақ 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге түзетулер енгізіледі.
Бұдан бөлек, Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді.