Бектенов отандық тауарларды ақпараттық шабуылдан қорғауды тапсырды

04.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов отандық тауарларды ақпараттық шабуылдан қорғауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық тауарларды қолдау мәселесі қаралды. Сол кезде премьер танымал тауарларды нарықтан ығыстыруды көздейтін әрекеттерге тоқталды.

"Қазақстанда өндірілетін танымал тауарларды, атап айтқанда, азық-түлік және кондитерлік өнімдерді қаралау үшін әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқандар орын алып жатыр. Мұның барлығының көздеген мақсаты бір – бәсекелестерді нарықтан ығыстырып, олардың орнын иемденіп қалу", - деді Бектенов.

Осыған байланысты мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақстанда жасалған" ұлттық брендін негізсіз ақпараттық шабуылдардан қорғауға бағытталған бірыңғай ақпараттық науқанды жүргізуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью