Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар және ол мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін әрдайым атап өтуде. Бұл күн — еліміздегі ұлт пен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара сыйластықтың, сан алуан мәдениет пен дәстүр жарасым тапқан берекелі бірліктің айқын көрінісі, — деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр қоғамындағы келісім мен тұрақтылық — басты қазынаның бірі әрі орнықты дамудың берік негізі екенін айтты.
— Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылық — біздің ең басты қазынамыздың бірі әрі орнықты дамудың берік негізі. Еліміз кез келген сын-қатерді бірлесіп еңсеріп, ортақ мақсаттарға ұмтылу арқылы дамудың жаңа кезеңіне сеніммен қадам басып келеді.
Жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған тарихи таңдау. Дәл осы қағида Қазақстанның тұрақтылығы мен орнықты дамуының кепілі болмақ. Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, әр шаңыраққа құт-береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін, — деді ол.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықттаған еді.