Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
- Шетелдік турист саяхаттайтын елді таңдамас бұрын ашық дереккөздердегі ақпаратты, ең алдымен, интернет пен әлеуметтік желіні шолып шығады. Бізде соңғы төрт жылда шетелдік туристерді тарту құралдары жаңартылмаған. Ескірген ақпараттар пайдаланылып келеді, мәдени, этнографиялық және басқа да материалдар қамтылмайды, - деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр мүдделі органдарға бір ай ішінде шетелдік туристерді тартудың жаңа тәсіліне көшуді тапсырды.
- Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктері, «Kazakh Tourism» компаниясы әкімдіктермен бірге бір ай мерзімде Қазақстандағы барлық мәдени, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ескере отырып, 2026 жылға арналған егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын әзірлесін, - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, ол «Kazakh Tourism» басшысы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.