Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
- Қазақстан Президенті цифрлық технологиялардың дамуына зор мән бере отырып, 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы орайда, қазіргі таңда Tezcustoms платформасы енгізілуде. Ол Қытаймен шекарада рәсімдеу уақытын 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Аталған жұмыс басқа елдермен де жалғасуда. Сондықтан ұйымның қатысушыларын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында озық цифрлық шешімдерді белсенді пайдалануға шақырамын, - деді Олжас Бектенов.
Оның айтуынша, тарихи тұрғыдан алғанда теміржолдар кез келген мемлекеттің экономикалық даму үдерісінде маңызды рөл атқарады.
- Пайда болған сәтінен бастап теміржол саласы жаһандық сұраныстардың артуына сәйкес үздіксіз дамып, ең технологиялық және автоматтандырылған жүйелердің біріне айналды. Бүгінгі конференция біздің халықтарымыз бен экономикаларымызддың арасында берік байланыстарды нығайтып, сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді Премьер-министр.
Айта кетейік, еліміз 2023 жылға қарай транзт көлемін жылына 100 млн тонна жеткізуді жоспарлап отыр.