Беларусь ғалымдары эпилепсияны емдеуге арналған дәрінің баламасын шығарды

12.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бұл әзірлеме мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланған. Беларусь Ұлттық ғылым академиясы «Габапентин-НАН» препаратын өткен жылдың қорытындысы бойынша академия ғалымдарының іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы үздік 10 ғылыми нәтижесінің қатарына енгізді.

Препаратты әзірлеумен ғалымдар 4 жылдан астам уақыт айналысқан. Құрамы жағынан ол түпнұсқа дәрінің 100 пайыздық аналогы саналады. Ал бағасы бойынша беларусьтік препарат түпнұсқадан шамамен 50 пайызға арзан.

«Біз түпнұсқа препаратты толық қайталаған жалғыз компаниямыз. Тек сыртқы түрі, шығару формасы мен дозировкасы ғана емес, сонымен қатар қоспалар профилі де дәлме-дәл сәйкес келеді», деді фармацевтикалық кәсіпорынның ғылыми зерттеулер және әзірлемелер бөлімінің басшысы Владислав Гудович.

Дәрілік препаратты нарыққа сәтті шығару үшін көптеген мамандар жұмылдырылған. Бар-жоғы бірнеше айдың ішінде дәріханаларда «Габапентин-НАН» препараты 1 миллион беларусь рублінен астам сомаға сатылған.

Айта кетейік, былтыр желтоқсанда гонореяға қарсы жаңа дәрі жасалғанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью