Беларусь трамвайлары Павлодарға не себепті жеткізілмеді

23.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Павлодарда трамвай вагондары кезең-кезеңімен жаңартылып, тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етілген жағдайда «Достық» шағынауданына трамвай желісін ұзарту көзделген.

«Достыққа» трамвай желілерін салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына ие болған. Барлығы жөнімен болса, жобаны биыл іске асыру көзделген. Алдын ала есеп бойынша шағынаудандағы болжамды жолаушылар ағыны күніне 5000 адам.

Былтыр Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) арқылы несие ұсыну есебінен аккумуляторлық батареялармен жүретін әрі энергия қуатын барынша үнемдейтін 25 жаңа трамвай сатып алу жоспарланып, тендер жарияланған. Жобаның жалпы құны — 8 млрд теңге. Конкурс нәтижесінде Беларусь Республикасының өндірушісі жеңімпаз атанды.

— 2025 жылғы 23 қазанда Беларусь Республикасына айтарлықтай әсер еткен санкциялар пакеті бекітілді. Оның салдарынан банктің корреспондент-банкпен проблемалары туындады. Осылайша, трамвайларды ЕҚҚДБ арқылы сатып алу мүмкін болмады, — дейді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Арслан Мақсұтов.

Осылайша Павлодар билігіне беларусьтік компаниямен жасалғалы тұрған келісімшартты үзуге тура келген. Одан соң жаңа вагондарды сатып алуға бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Енді мемлекеттік сатып алуларды қаңтар айының соңына дейін жарияламақ ниетте.

Бұған дейін Павлодарда күнделікті қатынайтын трамвай көліктерінің 73%-ы тозып тұрғанын жазғанбыз

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью