Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Біржолғы материалдық көмек 4–8 мамыр аралығында төленеді: Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен соғыс салдарынан мүгедек болып қалған азаматтарға — 5 мың рубль, өзге санаттағы ардагерлерге — 2,5 мың рубль, соғыс салдарынан зардап шеккендерге — 1,5 мың рубль беріледі.
— Күтімді қажет ететін барлық ардагер мен соғыс зардаптарын көрген азаматтар әртүрлі көмек түрлерімен қамтылған. Атап айтқанда, 70-тен астам адам әлеуметтік пансионаттар мен ауруханаларда көмек алады, шамамен 1,4 мың адамға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 180-нен астам адамға туыстары қарап отыр, сол үшін оларға жәрдемақы төленеді, — деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ, 1 сәуірге дейін барлық ардагер мен соғыс салдарынан зардап шеккендердің тұрғын үй жағдайлары толық тексерілген. Тұрғын үйлер жөнделіп, пеш және газ жабдықтары тексеріліп, жөндеуден өткен, сондай-ақ автономды өрт дабылдары орнатылған.
— Жеңіс күні қарсаңында Беларусь ардагерлер мен соғыс салдарынан зардап шеккендерге ерекше көңіл бөледі. Мемлекет пен қоғам олардың ерлігіне құрмет білдіріп, лайықты өмір сүруіне жағдай жасау үшін күш біріктіреді, — деп атап өтті министрлік.
1 сәуірдегі дерек бойынша елде 574 ардагер тұрады. Оның ішінде 269-ы — соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, 146-сы — тыл еңбеккерлері, 156-сы — Ленинград блокадасын бастан өткергендер.
Сонымен қатар шамамен 5,5 мың азамат соғыс салдарынан зардап шеккендер санатына жатады. Олардың басым бөлігі — бұрынғы фашистік концлагерьлердің, түрмелердің және өзге де күштеп ұстау орындарының тұтқындары.
Осыған дейін Өзбекстанда II Дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 30 млн сум берілетіні хабарланды.
Ал Қырғызстанда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 200 мың сом көлемінде біржолғы төлем тағайындалады.