Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Кездесу АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы Lumen Field стадионында өтті. Ойынға бразилиялық Рамон Абатти бас төрелік жасады.
Кездесудің 20-минутында Эмам Ашур есеп ашып, Мысыр құрамасын алға шығарды. Алайда 66-минутта Мохамед Хани өз қақпасына өзі гол соғып алып, таразы басын теңестіріп берді. Осылайша автогол мысырлықтарды жеңістен айырды. Кездесу соңына дейін таблоға өзгеріс енген жоқ. Қорытынды есеп 1-1.
Осы нәтижеден кейін Бельгия мен Мысыр құрамалары бір-бір ұпайдан еншіледі.