Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
2026 жылдың 20 наурызында әлеуметтік желілерде модель Айнұр Нарзиеваға белгілі әртіс Асқар Жұмабектің агрессивті әрекет көрсетіп, балағат сөздер айтқан видеосы тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Айнұр Нарзиеваның айтуынша, оқиға түсірілім кезінде болған. Желі қолданушылары видеоға наразылық білдіріп, модельдің өзі де қатты күйзеліске түскенін айтқан.
21 наурызда Алматы қалалық полиция департаменті актердің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады. Полиция мәліметінше, ол қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, азаматқа құрметсіздік танытқан.
Осы дерек бойынша ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.