Белгілі авиакомпаниялар балалы жолаушылар үшін танымал қызмет түрінің ақысын алып тастайды

06.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Ұлыбританияда жолаушылар әуе билетін сатып алу кезінде үнемдей алады: әуекомпанияларға 14 жасқа дейінгі балалардың қасына отыру үшін қосымша ақы алуға тыйым салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengri Travel.

Ұлыбритания үкіметі әуекомпаниялар үшін жаңа ереже жариялады. Енді 14 жасқа толмаған балаларды ата-анасының немесе еріп жүруші ересек адамның қасына тегін отырғызу міндеттеледі.

Қазір жолаушыларға кейде баласымен қатар отыру үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Ата-ана мен баланың екі жаққа бару билетіне мұндай қызмет құны 104 фунт стерлингке (шамамен 61 мың теңге) дейін жетуі мүмкін.

Премьер-министр Энди Бернхэм мұндай алымды әділетсіз деп атады.

"Ата-аналардан өз баласының қасында отырғаны үшін ақы алу - тонау", - деп мәлімдеді ол.

Тағы не өзгереді?

Сондай-ақ жолаушылар әуе билетін брондау кезінде есіміндегі қарапайым қатені тегін түзете алатыны жоспарланып отыр. Қазір кейбір әуекомпаниялар бұл үшін 40 фунт стерлингке дейін ақы алады.

"Ата-аналар ұшақта баласының қасында отыру немесе брондаудағы қарапайым қатені түзету үшін ғана қаржылық қиындықтарға тап болмауы керек. Сондықтан біз барлық әуекомпания үшін осы қажетсіз алымдарды жоямыз – бұл адамдарға ақша үнемдеуге көмектесетін және отбасыларға көбірек еркіндік беретін кезекті шешім", – деп атап өтті көлік министрі Хайди Александер.

Сонымен қатар Ұлыбританияда борттағы тәртіпті жүйелі түрде бұзатын жолаушылардың бірыңғай деректер базасын жасақтау жоспарланып отыр. Әуекомпаниялар осы ақпаратпен өзара алмасу арқылы тәртіп бұзушыларды жедел анықтай алады.

Тасымалдаушылар бұл деректерді нақты бір жолаушыға қатысты ұшуға тыйым салу мерзімін ұзарту мәселесін шешу үшін пайдалана алады.

БАҚ мәліметінше, сөз British Airways, EasyJet, Jet2 және Virgin Atlantic сияқты әуекомпаниялар туралы болып отыр. Сондай-ақ олардың қатарында TUI Airways, Ryanair UK, Wizz Air UK және басқаларын қоса алғанда, чартерлік, жүк тасымалдайтын және еншілес тасымалдаушылар бар.

Ережелер қашан күшіне енеді?

Жаңа ережелер әзірге күшіне енген жоқ. Үкімет оларды азаматтық авиация туралы заң жобасы қабылданғаннан кейін енгізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі өзгерістердің егжей-тегжейін әуекомпаниялармен және авиация саласының басқа да өкілдерімен талқылайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанды да әуе тасымалы ережелері өзгертілмек. Шілдеде Көлік министрлігі әуе тасымалы ережелерін өзгертуді ұсынған болатын. Жаңа нормалар музыкалық аспаптар мен жануарларды тасымалдауға, мүгедектігі бар жолаушылардың құқықтарына, сондай-ақ рейстердің кешігуіне байланысты өтемақы төлеу мерзіміне қатысты болмақ.

Тағы оқыңыз: Еуропаға сапарлар қымбаттауы мүмкін: ЕО туристер үшін жаңа ережелер дайындап жатыр

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью