Белгілі кәсіпкер Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке автокөлік сыйлады

14.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов қазақстандық паралимпиадашы Ербол Хамитовке Chery Tiggo 7 автокөлігін сыйға тартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қазақстандық спортшы 13 наурыз күні Италияда өткен 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Бұған дейін ол парашаңғы жарысында 1500 метрлік классикалық спринтте қола жүлде иеленген еді.

«Қазақстан құрамасын және Ербол Хамитовті Паралимпиададағы жеңісімен құттықтаймын! Astana Motors құрамындағы Chery Kazakhstan Ұлттық Паралимпиада комитетінің ресми серіктесі екеніне мақтанамыз. Біз елімізде параспорттың дамуына алдағы уақытта да бар күшімізді саламыз. Ерболдың Chery Tiggo 7 көлігін тест-драйвқа алғанын білемін, сондықтан оны үлкен қуанышпен сыйға тартамын», – деді Astana Motors компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью