Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыда полиция сыраны заңсыз өндірумен айналысқан жасырын цехтың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда полиция сыраны заңсыз өндірумен айналысқан жасырын цехтың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жасырын цех жертөледе орналасып, онда алкоголь өнімінің толық өндірісі ұйымдастырылған. Құқық қорғау органының қызметкерлері тінту барысында арнайы қайнату жабдығын, сыра дайындауға арналған шикізат, сондай-ақ дайын өнімді құюға және сақтауға арналған ыдыстарды анықтады.
Заңсыз айналымнан 7 мың литрге жуық сыра, сонымен қатар құюға арналған кегтер, шыны ыдыстар мен алкоголь өнімдерін дайындауға қажетті шикізат тәркіленді.
Полиция жасырын цехтан бейнежазба жариялады.Кадрлардан өндіріс процесін, жабдықтарды және дайын өнімді, соның ішінде көне әрі танымал неміс сыра маркасы таңбаланған кегтерді көруге болады.
Аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тексеру амалдары басталды, Қазақстан заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті
19 сәуір 22:47 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты
27 сәуір 18:41 1
Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда өз үйінде жасырын алкоголь өндіру цехын ашып алған ер адам анықталған болатын.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу