Белгілі жағдай ғой : Қошанов өзіне қатысты ақпаратты жоққа шығарды

23.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Мәжілістің экс-төрағасы Ерлан Қошанов өзіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін Қошанов Астанадағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Сол кезде журналистер әлеуметтік желіде тараған ақпарат жайында сұрады.

"Жақында әлеуметтік желіде сізді ұсталды деген ақпараттар тарады. Сол жайында не айтасыз?", - деді тілшілер.

Экс-спикер оны фейк-ақпарат деп атады.

"Ол кейбір деструктивті ресурстарда жарияланды. Бұл белгілі жағдай ғой. Елдің арасына іріткі салу, қоғамды адастыру мақсаты дем ойлаймын. Сондықтан осындай жалған дереккөздерге сенбей, ресми ақпарат көздеріне сүйенуіміз керек", - деді Қошанов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью