Белгілі журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев дүниеден өтті

11.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Жұмабек Айдарбекұлы саналы ғұмырын ел руханияты мен бұқаралық ақпарат саласына арнады. Еңбек жолын 1978 жылы бастап, әр жылдары өңірлік, республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарды. Журналист қана емес, ақын әрі прозашы ретінде де қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Оның «Өмір – керуен», «Соғыс туралы шындық», «Жадымдасың, жарқын бейне» және басқа да кітаптары оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Көркем туындылары арқылы ұлттық әдебиет пен публицистиканың дамуына сүбелі үлес қосты.

Кәсіби біліктілігі, азаматтық ұстанымы, адамгершілік болмысы мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен кейінгі буын журналистер үшін әрдайым үлгі болған ардақты азаматтың жарқын бейнесі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы саламат, жаны жәннатта болсын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью