Белгісіз күй сыры

18.10.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Өнер иелері табиғатынан шығарма­шылық зертханасын көрсетуге әуес болмайды. Ақын-жазушылар шығар­масын қалай дүниеге әкелгенін, оны жаратуда қандай көркем әдістерді қолданғанын айта бермейді. Бұл қасиет күйшілерде де бар.

Күйші түскен үйге ауылдың тыңдар­мандары мен құймақұлақ жас таланттары жапа-тармағай барады. Қарапайым халық күйді жан рақатымен тыңдай береді. Ал өнерге қабілеті барлар күйшінің саусақтары мен қағысын қалт жібермей қарап отырады. Онысы әйдік күйдің әдісін меңгеру. Оны білетін күйші әдейілеп жеңі кең шапан киіп алатын көрінеді. Бірақ ізденген жанға тұсау бола ма? Кей әккі жігіттер керегенің сыртымен өрлеп, күйшінің қағысын шаңырақтың төбесінен қарап алады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью