Белгісіздіктің лебі қандай? Анталиядан репортаж

18.04.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сәуірде Анталиядан ылғал сезілсе, ал Анталия дипломатиялық форумынан удтың, Dior Sauvage әтірінің және сәл-пәл темекінің иісі мұрынды жарады. Ал мына әлемнің өзі бейне бір бұлыңғырлыққа малынғандай. Тұтас бір өңірдегі ахуалды жалғыз твит өзгертіп жіберуі мүмкін заманда бірнәрсені дөп басып болжау тіпті қиынға айналды.

Сәуірде Анталиядан ылғал сезілсе, ал Анталия дипломатиялық форумынан удтың, Dior Sauvage әтірінің және сәл-пәл темекінің иісі мұрынды жарады. Ал мына әлемнің өзі бейне бір бұлыңғырлыққа малынғандай. Тұтас бір өңірдегі ахуалды жалғыз твит өзгертіп жіберуі мүмкін заманда бірнәрсені дөп басып болжау тіпті қиынға айналды.

Бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаев та тұрақсыздық жайын сөз етті. Толығырақ - тілшіміздің Анталиядан жолдаған Tengrinews.kz фоторепортажында.

Бұлыңғыр заман мен түйткілдер

Анталия форумына әркім өзімен бірге геосаяси салмақ, өз елінің уайымын ала келгендей. Бір залда – Сирия президенті. Екінші жерде – Газа мәселесіне арналған сегізжақты кездесу. Тағы бір тұста Түркия, Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Мысырдың төртжақты келіссөзі өтіп жатыр. Ал дәліздерде Иран, Ливан, Израиль және АҚШ жайлы әңгіме толастамайды.

Курортты бекер таңдамағаны да байқалады. Мұнда адам еркінсіп, бойы босап қалады. Ал босаңсыған дипломаттар келіссөзді де басқаша жүргізетін секілді.

Кулуарда Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Қасым-Жомарт Тоқаевты бұрыннан, яғни мұндай форумдарда орта державалар туралы әңгіме өте сирек айтылатын немесе мүлдем айтылмайтын кезден бері танитынын тілге тиек етті.

Айтпақшы, бұл форумның идеясын ұсынған да дәл осы Чавушоглу болатын.

"Жүйе жүрмей тұрса, ал негізінен Батыс ойыншылары қалыптастырған сол жүйеге сенім азайса, орта державалар өз рөлінің күшейгенін қалайды. Түркия, Қазақстан, Пәкістан, Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өзге елдер - бәрі де өзімен санасқанын қалайды", - дейді түрік саясаткері.

Айтпақшы, дәл осы саясаткер Қазақстан Президенті Солтүстік Македония мен Грузия басшыларымен бірге сөз сөйлеген "Ертеңді бағдарлау, бұлыңғыр кезеңді басқару" атты панельдік сессияны жүргізді.

Бәрі быт-шыт болды

Айтпақшы, Түркия президенті мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен келмек.

Одан кейін Қазақстан Президенті негізгі мәселеге көшті.

"Дипломаттар мен саясаткерлер адамзат дәл қазір шешуші кезеңде тұр деп жиі айтады. БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның да осы сөзді қайта-қайта айтатыны есімде: "Иә, біз әлі де жол айрығында тұрмыз". Халықаралық шиеленісті азайту туралы сөз болғанда, бұл жағдай өзгермей келе жатыр", - деді ол.

Артынша көптен бері айтылып жүрген тағы бір өзекті ойды қозғады: БҰҰ-ны реформалау қажет. Мұны бәрі біледі, бірақ оның жақын арада жүзеге асарына көпшілік сене бермейді. Өзгеріс ең алдымен Қауіпсіздік кеңесінен басталуы керек. Залда отырғандар бұл сөздерді қалт жібермей, видеоға түсіріп, жазып алып жатты.

Қазір бәрі Иран мен Ормуз бұғазын талқылап жатыр, бірақ мәселе мүлдем басқада екенін Тоқаев еске салды. Қақтығысқа дейін теңіз дәлізі ашық болатын.

"Мәселенің төркіні - ядролық технологиялар мен ядролық қарудың таралуында. Иран төңірегіндегі қақтығыс туралы сөз болғанда, бұл мәселе келіссөздердің негізгі тақырыбы болуы тиіс. Бірақ қазір біз жаһандық сауда мәселелерін талқылауға көшіп кеттік. Қандай қиындықтарға қарамастан, жаһандық сауда өсіп жатыр. Былтыр ғана өсім 2,5 пайыз болды. Демек, әлемдік саудада бәрі соншалықты нашар емес".

Тоқаев ойын сол сәтте-ақ іріктеп, сөзін залға қарай отырып өрбітіп отырды. Ал залда дипломаттар мен делегаттар отырды. Дипломатиялық ағылшын тілі оларға аудармасыз-ақ түсінікті болғаны байқалды. Ал маған сәл қиындау тиді.

Тағы бір байқағаным - залда қара көзілдірік таққан кемінде бір адам отырды. Сырттай қарасаң, түрік киносынан шыға келген актерге ұқсайды. Бірақ ол да сөзді мұқият тыңдап отырды.

Тоқаев ойын жалғастырды: бүгінде орта державалар түйінді мәселелердің шешілуіне тосқауыл қоятын Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелеріне қарағанда, көбінесе жоғары жауапкершілік танытып отыр.

"Әрине, біз әлемдегі ең мықтымыз деп мақтанғым келмейді. Бірақ біз жаһандық процестерге қатысты - іс жүзінде де, дипломатияда да - жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсетіп келеміз".

Бұған жауап ретінде Чавушоглу Тоқаевтың БҰҰ Бас хатшысының орынбасары болып жұмыс істегенін және бұл жүйені іштен жақсы білетінін залдың есіне салды.

Панельдің басқа қатысушылары да өз мәселелерін қозғады. Мәселен, Солтүстік Македония Президенті Силяновска-Давкова ЕО-дан тыс жатқан Балқан елдері мен БҰҰ лауазымындағы әйел Бас хатшы туралы айтты.

Премьер-министр Кобахидзе Грузияның ЕО-ға мүше болғысы келетінін, бірақ ол жақта да өз қиындықтары бар екенін айтты. Ал Оңтүстік Кавказ жаһандық белгісіздікке барған сайын тереңірек тартылып барады.

Тоқаев бір парадоксқа назар аударды: бүгінде барлық негізгі келіссөз БҰҰ-дан тыс жерде жүріп жатыр. Оның қабырғасында емес, жекелеген конференция залдарында. Бәрі ендігі бас хатшы кім болатынын талқылайды, бірақ Тоқаев бұл маңызды емес деп санайды. Негізгі сауал – сол жүйенің өзі аман қала ма, жоқ па?

"Бұл таңсық көрінуі мүмкін, тіпті оғаш та шығар, бірақ дәл осы Қауіпсіздік Кеңесі маңызды халықаралық мәселелердің шешілуіне кедергі келтіріп отыр".

Осы тұста ол Трампты еске алды: Трамп қыркүйекте Бас Ассамблеяда БҰҰ штаб-пәтеріндегі бұзылған телесуфлер мен эскалаторды сынап, мұнда бәрі істен шыққан деген болатын. "Мен онымен толықтай келісемін", - деді Тоқаев. Бірақ ол ең күрделі бұзылу бейбітшілікті сақтау процесіне қатысты екенін атап өтті.

Тоқаев мысал да келтірді: БҰҰ Жарғысында әлі күнге дейін «жау мемлекеттер» деген тіркес кездеседі. Осыдан сексен жыл бұрын бұл түсінікті еді. Бүгінде сол елдер ұйымның ең ірі донорлары болып табылады. Жарғы өзгерген жоқ, бірақ әлем өзгерді.

Әңгімелер мен басқа да жайттар

Форумдағы күзетшілерді үш белгісінен тануға болатын еді: бойы ұзын, галстугы қызыл және мұрты қалың. Оларда ешқандай белгісіздік болған жоқ: күндізгі сағат екіге дейін басты залға ешкімді кіргізбеді.

Басқа күзетшілердің жолы бола қоймады. Олар кенет соққан желден құлаған қоршауларды апыр-топыр көтеріп жатты.

Форум ашылар алдында сәл кідіріс болды. Ғимарат ішін темекі иісі алып кеткендей көрінді. Дипломатиялық үзілістегі темекі сәті - бұл әзіл-қалжың да, Иран туралы әңгімелер де.

Барлығы өз орындарында

Ал ғимаратта күзет көбейгенде, барлығы жақын арада мұнда Ердоған келетінін түсінді.

Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен Катар Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани залға бет алды.

Камералар алдындағы қол алысу. Ал бір айдан кейін Астанадағы кездесу.

Біраз уақыттан кейін барлық қонақтар өз орындарына жайғасты. Тоқаев ортада. Оң жағында - Катар Әмірі.

Маңайда бір жерде C.A.T. жауынгерлері жүр. Түркия президентінің арнайы күзеті.

Дәлізбен басқа бір cat келе жатты. Автоматы жоқ, бірақ түрі дәл сондай сабырлы.

Форум әлі жалғасып жатыр. Бұлыңғыр ахуал да сейілген жоқ. Бірақ бұл жолы Орталық Азияның үні анық естілді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью