Бельгия АҚШ құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

07.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Getty Images

Кездесудің 9-минутында Шарль Де Кетеларе есеп ашты. Сол қапталдан бағытталған дәл пасты ұтымды пайдаланған шабуылшы бельгиялықтарды алға шығарды.

АҚШ құрамасы 31-минутта есепті теңестірді. Малик Тильманның айып соққысынан кейін доп бельгиялық қорғаушыға тиіп, қақпаға енді. Алайда Бельгия араға екі минут салып қайтадан алға шықты. Шарль Де Кетеларе әуедегі тартыста қорғаушылардан басым түсіп, баспен дәл соққы жасады.

Балогунның ойнауына рұқсат берілді: ФИФА Бельгияның наразылығын кері қайтарды

57-минутта АҚШ қақпашысы Мэтт Фриздің қателігінен соң Ханс Ванакен 40 метр қашықтықтан бос қақпаға соққы бағыттап, есепті еселеді. Ал ойынның қосымша уақытында Ромелу Лукаку& матчтың қорытынды есебін 4:1-ге жеткізді.

Екі пенальти, қызыл қағаз және бес гол: Англия Мексиканы жеңді

Осылайша Бельгия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шығып, келесі кезеңде Испания құрамасымен кездеседі.

Еске сала кетейік, АҚШ-тың Даллас қаласында өткен тартысты кездесуде Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз әрі шешуші голды Микель Мерино соқты. Португалияның жеңілісінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Роберто Мартинес қызметінен кететінін мәлімдеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью