Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Бельгия тұрғындары алып асқабақтардан қайық жасап, жүзуден жарысты.
Командалар 100 метр қашықтықты бағандырды. Қатысушылардың жас ерекшелігі ескерілмейді. Сайыс алдында асқабақтарды суға түсіріп тексереді. Ерекше шараны жергілікті шаруалар мен қайықшылар клубы жыл сайын ұйымдастырады.
Натали Ван Нейлен, көрермен:
- Асқабақтар өте үлкен. Олардың ішін арнайы құрылғылармен тазартып, қайық жасау процесін бақыладық. Өте қызық. Мұндай сайысты алғаш рет көріп отырмыз.