Бельгияда миллиондаған еуро тұратын алтын жасырылған жердің иесі іздестірілуде

14.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бельгияның Синт-Гиллис-Вас қаласында ғимаратты жаңғырту жұмыстары кезінде жұмысшылар алтын көмбесін тауып алды. Сейфте нөмірленген алтын кесектері, монеталар мен құймалар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, табылған қазына құны шамамен 9 миллион еуро болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz RTL телеарнасына сілтеме жасап.

Сейф жертөле қабырғасынан табылды

Қазынаны Шығыс Фландриядағы жалпы әлеуметтік көмек орталығы - CAW ғимаратында жұмыс жүргізіп жатқан De Brand құрылыс компаниясының қызметкерлері тауып алған. Жаңғырту кезінде жұмысшылар жертөле қабырғасына жасырылған сейфке тап болды. Олар бұл туралы дереу тапсырыс берушіге хабарлады.

Ішінде нөмірленген алтын кесектері, алтын монеталар мен құймалар болған.

Көмбе табылғаннан кейін полиция алтынды тәркілеп, қауіпсіз жерге жеткізді.

Фото: facebook.com/LokalePolitieDendermonde

Фото: facebook.com/LokalePolitieDendermonde

Шығыс Фландрия прокуратурасы табылған зат қайдан шыққанын анықтау үшін тергеу бастады. Әзірге алтынның заң бойынша кімге тиесілі екені белгісіз.

Табылған қазынаның тағдыры не болмақ?

Сейф ішіндегі заттардың алдын ала құны шамамен 9 миллион еуроға бағаланып отыр. Бұл ретте CAW өкілдері алтын ұйымға берілген жағдайда, бұл қаражатты баспанасыз адамдар үшін қосымша орындар ашуға жұмсайтындарын мәлімдеді.

Сондай-ақ көмбені тапқан жұмысшылардың қандай да бір сыйақы алатын-алмайтыны әлі анықталуы керек.

Тағы оқыңыз: Аяқ астынан табылған олжа: қазына тапқан адам қанша ақша ала алады?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью