Бельгияның шығысында синагогада жарылыс болды

09.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыс 9 наурыз күні таңғы сағат 04:00 шамасында Леон Фредерик көшесіндегі еврей ғибадатханасында болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алайда жарылыс қуатты болған. Күштілігі соншалық, синагога ғимараты мен қарсы беттегі үйлерге зақым келіп, терезелер сынған.

Бернар Кинтен бұл оқиғаны Бельгиядағы еврей қауымына қарсы бағытталған «антисемиттік әрекет» деп атады.

Оның айтуынша, елдегі осындай нысандардың айналасындағы қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Ал Бельгия еврей ұйымдары комитеті (CCOJB) президенті Ив Ошински бұл оқиғаны «өте алаңдатарлық әрі күрделі антисемиттік әрекет» деп бағалап, қатаң айыптады.

Бұған дейін Еуропол Еуропалық одақ аумағында террористік қауіп деңгейі артқанын мәлімдеген болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью