Белсенділер біліктілігін арттырды

18.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Маңғыстаулық бел­сен­ділер «Көшбас­шылар керуені» жобасы аясында Астанаға келді. Олар үш күн бойы елордадағы мемле­кеттік органдардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Study tour» негізінде өңірдің дамуына қатысты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

Делегация құрамында 15 қатысушы бар. Олар бі­ліктілігін арттыруды көзде­ген облыстың қоғам­дық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері. Соның бірі – Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық қоғамдық кеңес мү­шесі Райхан Мусаева.

– Бірінші күні депутаттар мен қоғамдық кеңес мү­шелеріне сарапшы Гүлми­ра Қорғанбаева «Аймақтар­дың стратегиялық да­муы» та­қырыбында тренинг өткізді. Жиында аймақ­тық страте­гияны тиімді жос­парлаудағы негізгі тәсілдер талқыланды. Тол­ғандырған сауалдары­мыз­ды қойып, ой-пікірмен бө­ліс­тік. Кейін Мәдениет және ақ­парат министрлігі өкіл­дерімен жүздесіп, мем­ле­кеттік саясаттың өзекті бағыт­тары, азаматтық қо­ғам­­ды қол­дау тетіктері мен қоғам­дық кеңестердің қыз­меті жайында кең көлемде ақпа­рат алдық. Осы кезде­сулер­дің нәтижесінде даму жоспа­рын құру үшін коман­даға түрлі машық пен қабілеті бар төрт типтегі маманды тарту қажеттігін түсіндім, – деді Р.Мусаева.

Жоба Маңғыстау облы­сының Ақпарат және қо­ғамдық даму басқармасының тапсырысымен «Маңғыстау облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ ұйымдастыр­ған. Мақ­сат – өңірдің белсенді­лерін қолдау, азаматтық қоғам инс­титутын нығайту және қо­ғам мен мемлекеттік органдар арасындағы жүйелі байланыс орнату.

Қатысушылар екінші күні Қаз­медиа орталығына барып, 22 қабатты теле­орта­лық ғимаратын аралады. Студия­лардың жұмы­сын көріп, Орта­лық комму­никациялық қыз­метінің брифингтері өте­тін алаңға барды. Одан кейін Сенат депутаттарымен жүз­десті. Ертеңіне Мәжіліс депутат­тарымен кездесіп, заң шығару үдерісі, қоғаммен кері байланыс орнату жөнінде әңгі­мелесті. Өңір белсенділері «Қазақстан халқына» қоры­ның бағдар­ламалары, әлеуметтік жобаларды қолдау және өңір­лік бастамаларымен танысты.

– Тур кезінде ұйым­дасты­рылған іс-шаралар қатысу­шы­лардың кәсіби сауатын арт­тыруға, халық­пен етене байланысын кү­шейтуге, азаматтық белсен­ділігін шыңдай түсуге бағыт­талған. Мұндағы 15 адам түрлі бағытта еңбек етеді. Ара­ларында мұға­лімдер, медицина қызметкерлері де бар. Бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ ұстаным – елге қызмет ету, қоғамға пайдалы болу, оңтайлы әрі тиімді жұмыс жү­йесін қалыптастыру, – деді Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайырғали Қалмұқанов. 

Соңғы жаңалықтар

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының жүлде қоры жарияланды

Футбол • Бүгін, 12:08

Қасым-Жомарт Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:51

«Astana Motors»: Отандық көлік өнеркәсібіндегі серпіліс

Технология • Бүгін, 11:42

Цифрландыру, инфрақұрылым және активтердің қайтарылуына ел тұрғындарының көзқарасы қандай?

Қоғам • Бүгін, 11:40

Еуроодақ ресейлік газдан бас тарту туралы шешім қабылдады

Оқиға • Бүгін, 11:35

«Жетісу» футбол клубына бас бапкер тағайындалды

Футбол • Бүгін, 11:25

Атырау облысында аңшы жоғалып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:13

Димаш Құдайберген медицина университетінің құрметті профессоры атанды

Қоғам • Бүгін, 11:01

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Білім • Бүгін, 10:51

Кеңгір ауылы газға қосылып, таза ауыз сумен қамтылды

Қоғам • Бүгін, 10:40

Алматы метросының «Қалқаман» станциясы мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

Оқиға • Бүгін, 10:33

Бала саны сегізден асса, жәрдемақы мөлшері қалай өзгереді?

Қоғам • Бүгін, 10:20

Сақ болыңыз: Алаяқтар тұрғындарды алдауда жаңа тәсіл қолданып жатыр

Қоғам • Бүгін, 10:15

Түркістан облысында көпір опырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:11

18 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 10:01

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью