Бенинде террористік шабуыл салдарынан 15 әскери қызметкер қаза тапты

07.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бенин армиясының мәлімдеуінше, қарулы адамдар елдің Нигермен шекарасына жақын орналасқан Каримама қаласының маңындағы Кофону ауданында орналасқан әскери бекетке шабуыл жасаған.

Шабуыл салдарынан 15 сарбаз қаза тауып, тағы 5 әскери қызметкер жарақат алған.

Шабуылдан кейін арнайы операция жүргізіліп, оның барысында төрт шабуылдаушының көзі жойылып, көптеген мотоцикл жойылған.

Өткен жылы елдің солтүстігінде болған террористік шабуыл салдарынан 54 әскери қызметкер қаза тапты.

Буркина-Фасо және Нигермен шектесетін Бенин 2016 жылдан бері террористік қауіп-қатермен бетпе-бет келіп отыр.

«Әл-Каида» және ДАИШ ұйымдарымен (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) байланысты террористік топтар теңізге шығу мүмкіндігін алу үшін Гвинея шығанағына шығатын елдерге қарай жылжуға ұмтылып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бенинде мемлекеттік төңкеріс болғанын жаздық.

Былтыр Аустралия полициясы теракт жоспарлады деген күдікпен жеті ер адамды ұстады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью