Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Еуропа нарығында электрмобильдер алғаш рет бензинді көліктерге қарағанда танымал бола бастады. Мамыр қорытындысы бойынша Еуропадағы толық электр модельдердің (BEV) үлесі 23,3 пайызға жетсе, бензинді қозғалтқышы бар автомобильдер нарықтың 21,7 пайызын иеленді, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі carscoops-ке сілтеме жасап.
Еуропа нарығында электрмобильдер алғаш рет бензинді көліктерге қарағанда танымал бола бастады. Мамыр қорытындысы бойынша Еуропадағы толық электр модельдердің (BEV) үлесі 23,3 пайызға жетсе, бензинді қозғалтқышы бар автомобильдер нарықтың 21,7 пайызын иеленді, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі carscoops-ке сілтеме жасап.
Сарапшылар мәліметінше, мамырда Еуроодақ елдерінде, Ұлыбританияда және Еуропалық еркін сауда қауымдастығында (EFTA) 1,15 миллионға жуық жаңа автомобиль тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,6 пайыз көп.
Электромобильдер танымалдылығы артып келедіЖыл басынан бері ЕО елдерінде 950 мыңнан астам жаңа электромобиль тіркелді. Олардың нарықтағы үлесі 20 пайызға жетіп, сатудың 37,8 пайызын құрайтын гибридтерге ғана жол беріп тұр. Бензинді көліктердің үлесі 22,4 пайыз болды.
Егер Ұлыбритания, Норвегия, Исландия, Швейцария және Лихтенштейнді есепке алсақ, электрмобильдердің үлесі 21,4 пайызға дейін артып, бензинді көліктермен (22,3 пайыз) теңеседі.
Электркарлар сатылымының айтарлықтай өсуі мына елдерде тіркелді:
Италия - плюс 75,7 пайыз;
Франция - плюс 55,4 пайыз;
Германия - плюс 40,9 пайыз.
Өсімнің басты драйверлерінің бірі Tesla болды. Америкалық брендтің Еуропадағы сатылымы мамырда екі есеге жуық өсті.
Электрмобильдер арасында Tesla Model Y қайтадан көш бастады. Мамырда 17 183 автомобиль сатылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 68 пайыз көп. Бұл модель электркарлар рейтингінде бірінші орын алып қана қоймай, қозғалтқыш түріне қарамастан Еуропадағы ең көп сатылатын үш автомобиль қатарына енді.
Tesla Model 3 сатылымы бірден 198 пайыз өсіп, 9 566 автомобиль болды.
Фото: Елена Никитенко
Бензин мен дизель позицияларын жоғалтып жатырЭлектрмобильдер танымал болып жатқанда, дәстүрлі қозғалтқышы бар автомобильдерге сұраныс төмендеп барады.
Жылдың алғашқы бес айында Еуропада бензинді автомобильдер сатылымы 18,2 пайыз, ал дизельді көліктер сатылымы 16,6 пайыз қысқарды. ЕО нарығындағы дизельді модельдер үлесі 7,6 пайызға дейін төмендеді.
Бензинді автомобильдерге сұраныстың ең көп төмендеуі Францияда (-36,8 пайыз), Испанияда (-20,3 пайыз) және Германияда (-18,5 пайыз) тіркелді.
Фото: Елена Никитенко
Қытайлық брендтер нарықты жаулап жатырЕуропа нарығының тағы бір үрдісі қытайлық автоөндірушілердің қарқынды өсуі болды.
Мамырда қытайлық брендтер Еуропада 121 030 автомобиль сатты, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есеге жуық көп. Алғаш рет олардың жиынтық нарықтағы үлесі 10,7 пайызға жетті.
Ең таңқаларлық өсімді BYD көрсетті. Компания сатылымы жыл басынан бері 145,2 пайыз (135 307 автомобиль) өсті.
Қытайлық басқа да брендтердің сатылымы қарқынды түрде артып жатыр: Chery, Jaecoo, Omoda және Jetour - плюс 316 пайыз; Leapmotor - плюс 552,9 пайыз; Xpeng - плюс 138 пайыз.
Фото: Елена Никитенко
Осылайша, еуропалық автомобиль нарығы қарқынды өзгеріп жатыр: электрмобильдер позициясын нығайтып, дәстүрлі қозғалтқыштар танымалдылығын жоғалтып келеді, ал қытайлық брендтер жергілікті және әлемдік өндірушілермен барынша сенімді бәсекелесіп жатыр.
Дегенмен, еуропалық қалалардағы көшелерге қарасаңыз, мұнда уақыт сәл басқаша жүріп жатқандай көрінуі мүмкін. Соңғы үлгідегі электркарлар және гибридтермен қатар, жолдардан әлі де нағыз автомобиль аңыздарын кездестіруге болады.
Фото: Елена Никитенко
Нарық электрлендіру бағытына белсенді түрде бет бұрғанымен, еуропалықтар автомобиль мәдениетінің бөлігіне айналған көліктерді ұқыпты сақтап, пайдалануды жалғастырып жатыр. Сондықтан бұл жерде ең жаңа электркарлардың қасында отыз жыл бұрынғы бірінші буынның күтіп ұсталған Mazda MX-5 родстерін кездестіру әбден мүмкін...
Тағы оқығыз: Батареяларды не істеу керек? Қазақстандағы электркөлік иелерін күрделі мәселе күтіп тұр
Неміс алпауыты Volkswagen-нің болашағы “бұлыңғыр“ - БАҚ
Қытай электрмобильдер үшін жаңа қауіпсіздік стандарттарын енгізіп жатыр
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу