Бензин күрт қымбаттамайды министрлік

09.04.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешев алдағы уақытта бензин бағасы күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазақстанда 1 сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизель бағасын ұстап тұрған мораторийдің мерзімі аяқталған болатын. Қазіргі кезде энергетика министрлігі бағаны реттеп отырған жоқ. Бәрі нарық жағдайында – сұраныс пен ұсынысқа қарай реттеліп жатыр.

"Баға өзгеріп жатқан жоқ. Біз оны байқап отырмыз. Сосын тапшылық жоқ. Шамамен 600 мың тонна бензин қоры бар. Ал тапшылық болмаса, жанар-жағармай бағасы көтерілмейді", - деді Жаркешев сенатта өткен брифингте.

Оның айтуынша, бензин бағасын бәсекелестікті қорғау агенттігінен бөлек аймақтық штабтар да бақылайды.

"Олар бағаның күрт өсіп кетуіне жол бермейді", - деп атап өтті вице-министр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью