Береке бақыттың кілті

21.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қасиетті Рамазан айы кірді. Бұл ай берекеге толы дейді ислам ғалымдары. Береке дарымаған өмірдің мәні болмайды. Береке – өміріміздің барлық саласына қажет. «Берекелі болса ел, Жағасы жайлау ол бір көл...» дейді Абай атамыз.

Сурет: zh-shugylasy.kz

Мысырлық үлкен ғалым Шабақ әл-Әлука өзінің «Берекенің маңызы» атты кітабында «Береке – игіліктің орнығуы. Егер береке аз нәрсеге дарыса, ол көбейеді, көп нәрсеге дарыса, пайдалы болады. Берекесі жоқ нәрсенің еш мәні болмайды», дей отырып, берекенің маңызын бес топқа жіктеп түсіндірген екен.

Өмірдегі береке. Біз тұрмыстың барлық түрінде, үйімізден бастап, отбасы, тамақ, сусын, жұмыс, қаржы, білім, уақыт пен өміріміздің әрбір бөлігіне дейін берекеге мұқтажбыз. Береке ақша, уақыт, ризық немесе денсаулық болуы мүмкін. Адам өміріндегі берекенің маңызы – игілік пен жақсылықтың артуы һәм пайда әкелуі, отбасындағы татулық һәм сыйластық. Уақыт берекесі. Бұл – аса маңызды дүние. Уақыттың берекесін игерген адам өмір сүрудің жақсы дағдысын қалыптастыра алады. Мысалы, кейбір адамдар 10 сағат ұйықтаса да демал­майды, ал кейбіреулер 5 сағат ұйық­тап оянғанда өзін сергек сезінеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) таңғы уақытта береке бар деген. Бұның мағынасы – осы уақытта адам көп жақсы нәрсе жасай алады деген сөз. Ризықтағы береке. Бұл ризықтың жеткілікті болуы. Мысалы, кейбір адамдар мол табыс табады, бірақ айдың соңында қарыздар болып қалады, ал біреулер аз табыс тапса да, сол табысы өмір сүруге жетеді. Берекелі ақша деге­ні­міз – аз қаражатпен көп нәрсе жасау. Білімдегі береке. Сіз оқыған һәм игерген біліміңізді пайдаланып, сол арқылы тыныш һәм қадірлі өмір сүрсеңіз, бұл – берекелі білім. Шын мәнінде, берекелі білім – пайда әкелетін білім, ал пайдасыз білім берекесіз болады. Үйдегі береке. Бұл үйдің кең немесе жайлы болуы емес. Кейбір үлкен үйлерде береке жоқ, ал шағын үйлерде береке көп болады. Үйде береке болғанда, ол жерге періштелер кіреді, шайтан олардан қашады. Сол үйде қайыр мен жақсылық көп болады.

Соңғы жаңалықтар

Қопа мектебіне қолдау көрсетілді

Мектеп • Кеше

Еліміздің кинотеатрларында жаңа Конституцияны қолдауға арналған бейнероликтер көрсетілді

Ата заң • Кеше

Михаил Шайдоров Олимпиадада өнер көрсеткен костюмін мұражайға тапсырды

Олимпиада • Кеше

Шахматтан республикалық чемпионат өтіп жатыр

Шахмат • Кеше

«Қазақфильм» киностудиясына 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Оқиға • Кеше

Астанада матч кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Ата заң • Кеше

Семейде құқықтың quiz зияткерлік ойыны өтті

Аймақтар • Кеше

Жалын Тілеуберген: Конституциялық құндылықтар ұлттық болмысты сақтап, әділетте қоғам құруға жол ашады

Ата заң • Кеше

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері тағайындалды

Футбол • Кеше

Жүкті әйелдің өліміне байланысты Жамбыл облысындағы перзентханада тексеріс басталды

Оқиға • Кеше

Астанада жүк көлігі өртке оранды

Оқиға • Кеше

119 млн теңге жымқырған: Атырауда жекеменшік мектеп директорына үкім шықты

Аймақтар • Кеше

Еліміздегі ең ірі ЖОО оқытушылары мен студенттері референдумді қолдады

Референдум • Кеше

Жаңбыр мен қар, боран: Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Жаңа Конституция – елдің экологиялық қауіпсіздігінің берік тірегі

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью