Берешектен бой тасалағандар

06.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысында иелігінде көлігі бар кей тұр­ғындар салығын төлемей жүр. Сондай-ақ балаларына алимент төлеуді ұмыт қалдырғандар да бар.

Облыстық мем­ле­кеттік кірістер департаменті бас­шысы орынбасарының мін­детін атқарушы Бисен Юсубалиевтің дерегіне сүйенсек, иелігінде көлігі, не өзге мүлкі бар тұрғын­дарға салықты мезгілінде төлемесе, алдымен хабарлама жіберіледі. Ал өтелмеген берешек үшін салық бұйрығы шығарылып, іс жеке сот орындаушыларына жолданады. Кейін мәжбүрлі түрде өндіріп алу шарасы қолданылады.

«Салықты уақытында төлеу – әр адамның міндеті. Қазір 4 246 жеке тұлғаның көлік салығына 321 млн теңге берешегі бар. Оның 226 млн теңгесі – негізгі қарыз, кешіктіргені үшін қосылған ақша 95 млн теңгені құрады. Ал 10 415 адамның мүлік салығына 50 млн теңге берешегі қалыптасып отыр», дейді Бисен Юсубалиев.

Басшы орынбасарының пікірінше, енді жеңіл көлік­тің зауыттан шығарыл­ғанына 10 жылдан асса, салық 30 пайызға төмендейді. Ал 20 жыл бұрынғы көліктердің салығы екі есе азаяды.

«Шаруа қожалықта­рының иелері бір пикап көлігі үшін салық төлемейді. Бірақ қымбат мүлікке қатысты жаңа салық тәртібі енгізілді. Егер бір адамның иелігіндегі үйінің, ғимарат пен басқа да мүлкінің жалпы құны 450 млн теңгеден жоғары болса, осы сомадан асқан бөлігіне 2 пайыз қосымша салық салынады. Мүлік құны неғұрлым қымбат болған сайын төленетін салық та соғұрлым көбейе түседі», деп мәлім етті Б. Юсубалиев.

Облыстық әділет депар­таментінің бөлім басшы­сы Ақбөбек Дүсіпқалиеваның дерегіне сүйенсек, алиментін төлемей жүрген 3 мыңнан астам адам бар. Олардың берешегі 3 млрд теңгеден асып отыр.

«Жеке сот орындаушыларында алиментті өндіруге қатысты 10 мыңнан астам атқару құжаты бар. Оның ішінде 5 мың іске қатысты алимент төлемі борышкерлердің жұмыс орнынан ұсталады. Қазір 2 мыңға жуық борышкер алиментті ерікті түрде, алайда ішнара төлеп жүр. Алиментке берешегін мүлдем төлемеген борыш­керлердің саны – 260. Біздің облыс­та алиментті төлеушілер қата­рында 28 әйел бар», дейді Ақбөбек Дүсіпқалиева.

Оның мәліметінше, борышкерлерді жұмыс орналастыру мақсатында 6 рет жәрмеңке ұйымдас­тырылыпты. Сондай жәр­мең­кеден соң 617 борышкер жұмысқа орналасқан. Тұрақты жұмыс тапқан борышкерлердің арасында алимент берешегін тө­лемеген 542 адам бар.

Атырау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью