Берлинде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды: аудан тұрғындары эвакуацияланды

27.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Берлиннің оңтүстік-шығысындағы Нойкёльн ауданында кеме қатынасы арнасында жүргізілген жұмыстар кезінде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомба табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

"Бүгін полицияның криминалистикалық қызметінің мамандары оны табылған жерінде залалсыздандыруы тиіс. Ол үшін бомба табылған жердің айналасында қоршау орнатылады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның түсіндіруінше, қоршау радиусы шамамен 500 метрді құрайды. Полиция қызметкерлері осы аймақтан тұрғындарды эвакуациялауды бастады. Уақытша баспана ретінде қалалық мектептердің бірі белгіленді. Науқастар мен қозғалуы шектелген адамдар үшін көлік бөлінді.

"Дауыс күшейткіштері бар автокөліктеріміз бүкіл ауданды аралап, тұрғындарға қазіргі шаралар туралы ақпарат беріп жатыр. Алдағы залалсыздандыру жұмыстары үшін нысан табылған жерден 500 метр радиуста қауіпсіздік аймағын орнату қажет. Эвакуация аймағындағы барлық адам үйлерін тастап шығуы тиіс", - деп полиция тұрғындарға үндеу тастады.

Қоршау аймағынан тыс жердегі туыстарына, достарына немесе таныстарына бара алатын адамдар бомбаны залалсыздандыру аяқталғанша сол жерде бола алады, деп атап өтті полиция.

"Біз аумақтан мүмкіндігінше тезірек шығып, алдағы нұсқауларды орындауды сұраймыз", - деп үндеді полицейлер қала тұрғындарын.

Сегіз сағаттан кейін полиция қызметкерлері қоршалған аймақтан эвакуациялау жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Барлық адам аумақтан шығарылды.

"Жарылғыш заттарды залалсыздандыру жөніндегі мамандарымыз қазір бомбаны жақын арада қауіпсіз әрі бақылаулы түрде залалсыздандыру үшін соңғы дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді полиция.

Бір сағатқа жуық уақыт өткен соң полицейлер бомбаның тұтандырғышы сәтті ажыратылып, залалсыздандырылғанын нақтылады. Қауіп сейілді.

"Жедел іс-шаралар енді біртіндеп аяқталып жатыр. Барлық шектеу алынып тасталды, тұрғындар осы сәттен бастап өз үйлері мен пәтерлеріне орала алады", - деп толықтырды полиция.

Бұған дейін Франкфурт әуежайында безгек ауруының алты жағдайы тіркеліп, ауырғандардың бірі қайтыс болған еді. Мамандардың болжамынша, инфекция жұқтырған масалар әуежайға ұшақтармен, багажбен немесе жүкпен бірге келуі мүмкін. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью