Бернарду Силва ресми түрде Реал Мадридке ауысты

17.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тараптар арасындағы келісім 2028 жылдың жазына дейін жасалған. 31 жастағы футболшы «Реал» сапына еркін агент мәртебесінде қосылып, мадридтік клубқа тегін ауысты.

Бернарду Силва соңғы жылдары Еуропадағы ең тұрақты әрі тәжірибелі жартылай қорғаушылардың бірі ретінде танылды. Оның трансферіне бірнеше ірі клуб қызығушылық танытқан болатын.

«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды

БАҚ мәліметінше, португалиялық ойыншыны өз қатарына қосуды «Барселона» мен «Атлетико» да қалаған. Алайда футболшы таңдауды «Реал» пайдасына шешті.

Жаңа маусымда Бернарду Силва мадридтік клубтың жартылай қорғаныс шебін күшейтіп, команданың басты мақсаттарына жетуіне көмектесуге тырысады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью