Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Продюсер Мөлдір Мұқанға балалары қуаныш сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Балалары анасының ең мейірімді жан екенін атап өтіп, ізгі тілегін жеткізген.
«Ең қымбаттым, әлемдегі аяулым, ең сұлуым, жаны мөп-мөлдір анашымның қуанғаны, балаша таңданғаны үшін бар әлемнің гүлін сыйлауға дайынбыз. Мамамыз біздің, жарық жұлдызымызсыз, сонымен қатар қарапайым мейірімді дана анамызсыз. Сіздей ананың баласы болған біздер бақыттымыз. Жүзіңіздегі күлкіңіз біз үшін – күн. Осы күннің нұрына жылынып біз әрдайым жаныңызда боламыз. Мейрамыңызбен, Мама! Өзіңіз үйреткендей ғажап өмір сүруге және бәріміз бақытты болуға уәде береміз. Арманымыз орындала берсін, Анашым», - деп құттықтады ұл-қыздары.
Бұл сыйлыққа анасы таңданысын жасырмай, ерекше әсер алғанын жеткізді. Желі қолданушылары да бұл көрініске сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.