Бес баланың анасы көз жұмды: оқиғаға қатысты тексеріс жүріп жатыр

11.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Тараз қаласында бесінші сәбиін дүниеге әкелген 37 жастағы Ұлбосын Қарасаева босанғаннан кейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Тұрар Рысқұлов ауданынан келген әйел дені сау ұл баланы дүниеге әкелген. Алайда кесарь тілігінен кейін екі күн өткен соң дене қызуы көтеріліп, жағдайы күрт нашарлаған.

Марқұмның жұбайы Елдос Есеевтің айтуынша, дәрігерлер әйелге емдеу барысында бес рет операция жасаған. Оның ішінде жатыры мен көкбауыры алынған. Кейін асқазанына операция жасалып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Алматыдағы перзентханада ана мен бала көз жұмды

Марқұмның туыстары әйелдің жағдайының нашарлауына ауруханада жұқтырған инфекция себеп болуы мүмкін деп есептейді. Сондай-ақ олардың айтуынша, кесарь тілігін жасар алдында әйелден 30 мың теңге талап етілген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Өңірлік перинаталдық орталық дәрігерлік құпияға сілтеме жасап, өлімнің нақты себебін жарияламады. Медициналық мекеме босану асқынумен өткенін және науқасқа қажетті медициналық көмектің толық көлемде көрсетілгенін мәлімдеді.

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады. Сонымен қатар Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тексеру ұйымдастырып, арнайы жұмыс тобы құрылады.

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда

Әйелдің нақты неден қайтыс болғаны сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Марқұмның жақындары істің жан-жақты әрі әділ тергелуін және кінәлілер анықталған жағдайда олардың жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью