Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АЛМАТЫ, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстанда дәрігер тапшылығы өзекті мәселе болып отыр, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Enbek.kz порталының мәліметінше, "акушер-гинеколог" мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме тіркелген.
"Педиатр" мамандығы бойынша 448 вакансияға 139 түйіндеме, ал "анестезиолог-реаниматолог" бойынша 300 бос орынға 75 түйіндеме ғана бар. Сонымен қатар онколог, неонатолог және эндокринолог мамандарына да сұраныс жоғары", – дейді министрлік.
Бұған қоса ақпараттық технологиялар саласында да кадр тапшылығы байқалады. Қолданбалы бағдарламашылар бойынша 509, графикалық дизайнерлер бойынша 355 бос жұмыс орны тіркелген.