Бесқарағайдың бес елді мекеніне су берілді

14.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Облыс әкімі Берік Уәли аудан­дағы халықты сапалы ауызсу­мен қамтуға бағытталған бірқа­тар нысандарды аралап көрді. Әуелі әкім Морозов орман шаруашы­лы­ғын­дағы су беру стансасында болды.

«Шағын елді мекенде 254 адам тұрады. Бұл ауылда бұрын ауызсу желісі болмаған. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан астам су құбыры желісі тартылып, 106 аула орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Сонымен қатар көлемі 100 текше метр болатын екі резервуар орнатылды», дейді аудандық әкімдік.

Өңір басшысы Башкөл ауылындағы қайта жаңғыртылған су құбыры желісін де көрді. 420 тұр­ғыны бар ауылдағы 1974 жылы салынған су жүйесі толық жаңар­тылған көрінеді. Жоба аясында ұзындығы 9,781 шақырым су құбыры желісі ауыстырылып, 111 аула орталықтандырылған су­мен қамтылғаны айтылды. Сондай-ақ­ Жыланды ауылындағы су беру стансасының жұмысы да пы­сық­талды. Бұл ауылда 355 адам тұрады. Онда да бұрын ауыз­­су желісі болмаған екен. Жоба аясында ұзындығы 11 шақырым су құбыры желісі тартылып, 132 аула орта­лықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик, Кіші-Владимировка ауылдарына ­ауызсу берілді. Бүгін үш ауылдағы су беру стансаларында болып, жұмыс барысын қадағаладым. Морозов орман шаруашылығында – 106 аула, Башкөл ауылында – 111 абонент, Жыланды ауылында 132 аула орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Бұл жобалар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауылдардың одан әрі дамуына тың серпін береді», деді облыс әкімі.

 

Абай облысы,

Бесқарағай ауданы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью