Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 16 наурыз – Sputnik. Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында 2030 жылға дейінгі ЕАЭО ортақ газ нарығын дамыту жоспарын әзірлеу мәселесі талқыланды.
Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошевтің айтуынша, ЕАЭО аясында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты тереңдету қазіргі таңда басым бағыттардың бірі болып отыр.
Тараптар конструктивті диалогқа дайын екенін білдіріп, одақтың 2030 жылға дейінгі ортақ газ нарығын дамыту жоспарын және ЕАЭО-ның мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық келісімді дайындау бойынша алдағы қадамдарды айқындады.
"Жақын уақытта одаққа мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары деңгейінде энергетикалық нарықтарды құру мәселелерін нақты талқылауды жалғастыруды жоспарлап отырмыз", – деді ЕЭК министрі.