Бестөбе шахтасының опырылуы: алтынды заңсыз іздеген екі ер адам көз жұмды

21.05.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

КТК дерегіне сүйенсек, қайғылы оқиға болған орын "Алтыналмас" Акционерлік қоғамына тиесілі. 610-горизонт тереңдігінде заңсыз кен іздеушілерді үйінді басып қалған. Құтқарушылары опырылған жерге жету үшін, шамамен, бір жарым шақырым қазба жолмен жүріпті. Оңай олжаға жетпек болған 38 және 21 жастағы екі ер адамның екеуінің де жансыз денесі жер бетіне шығарылды. Марқұмдар тез ақша табу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысынан әдейілеп келген екен. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, бұл Бестөбе шахтасындағы алғашқы қайғылы оқиға емес. Соңғы айларда тағы екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алған. Заңсыз кен қазудың арты өліммен аяқталатын білсе де, кен орнына ұрланып аяқ басатындардың қатары азаймай тұр.

Бұған дейін Маңғыстау облысында тарихи жерасты мешітін бүлдіргендер іздестіріліп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью