Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қазіргі уақытта азаматтардың өтінішіне сәйкес екі жылжымалы көліктік бақылау бекеті Бестөбе – Степногорск автожол учаскесінде көлік құралдарының салмақтық және габариттік параметрлерін қоса алғанда, көлік заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауда.
Аталған учаскеде бұған дейін рұқсат етілген салмақ нормаларының бұзылу фактілері бірнеше рет анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша Инспекция тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушіге қатысты әкімшілік шаралар қабылдады.
Айта кетелік Степногорск қаласының әкімі жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік.