Бестөбеде алтын іздеген үш адам үйіндінің астында қалды

23.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бүгін күндізгі он екі шамасында Степногорск қаласының іргесіндегі Бестөбе кентінде тағы бір трагедиялық оқиға орын алды. “Қазақалтын” компаниясына тиесілі  «Новая» шахтасында 700-ші төменгі горизонтта үш адамды кен үйіндісі басып қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Оқиға орнына жедел жеткен тау-кен құтқарушылары үйінді астында қалған адамдарды дереу жер бетіне алып шыққан. Алайда кен орнына түскен адамдардың ауыр жарақат алғаны анықталды. Зардап шеккендердің екеуі – бірі Степногорск қаласының 2007 жылы туған тұрғыны, екіншісі Астанадан келген 22 жастағы азамат болып шықты. Екеуі де бас жарақатын алып, жамбас сүйектері сынған. Үшінші ер адам үйінді астында қаза тапқан.

Анықталғандай, олардың барлығы – заңсыз алтын іздеушілер екені белгілі болды. Бұл – аймақта жиілеп кеткен қауіпті құбылыстың тағы бір көрінісі. Күнікеше ғана дәл осындай заңсыз алтын іздеушілердің бірі жарақат алған еді. Арада бір күн өтпей жаңа трагедия тіркелуі кен орнында жағдайдың аса қатты ушығып тұрғанын айғақтайды. 

Аса алаңдатарлығы сол шахталар аумағының қатаң күзетіледі. Бұл мақсатқа қомақты қаржы бөлінетін қорғауға қарамастан, заңсыз алтын іздеушілер қалайша ішке еркін кіріп жүр деген заңды сауал туындайды? Бұл – жауап күтетін басты сұрақтардың бірі.

Ресми деректерге сенсек, өткен жылы облыс бойынша осындай сегіз оқиға тіркелсе, биылдың өзінде олардың саны жүзге жуықтаған. Демек, түйткілді мәселе жүйелі сипат ала бастаған.

Облыстық полиция департаменті де аталған факті бойынша жуық арада толыққанды ақпарат беретінін хабарлады. Дегенмен, Бестөбедегі бұл қайғылы оқиға – жай статистика емес. Бұл жүздеген отбасының тағдырын ойран етіп асыраушыларынан айырып жатқан аса күрделі әрі шешімін күтетін күрделі мәселеге айналып отыр. Сондықтан аталған жағдай редакция тарапынан да тұрақты бақылауға алынбақ... 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью