Бетбұрысқа басқан нық қадам

24.01.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Құрылтай барысында бел­гілі болғандай, Қазақстанның саяси архитектурасы жаңадан құрылмақ. Бұл – биліктің фор­масын ғана емес, оның маз­мұнын, жауапкершілігін және халықпен байланысын қайта ойластыру деген сөз.

Бірінші. Вице-президент институты.

Вице-президент – бұл қо­сымша лауазым немесе фор­мальды орын емес. Бұл – саяси сабақтастықтың, мемлекеттік тұрақтылықтың және жауап­кершіліктің институционалдық кепілі.

Әлемдік тәжірибе көрсет­кендей, биліктің тұрақты жұ­мыс істеуі үшін бір адамға тә­уелді модель әрдайым тәуекелге толы. АҚШ, Бразилия, Арген­тина, Нигерия сынды елдерде вице-президент институты дәл осы мақсатта енгізілген: күт­пе­ген жағдайда биліктің үзі­ліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін.

Қазақстан жағдайында да мемлекеттің тағдыры бір ғана тұлғаға немесе тосын жағдай­ларға байланбауы тиіс. Сон­дықтан вице-президент Пре­зиденттің шешімімен, бірақ Парламенттің келісімімен та­ғайындалады. Бұл – атқарушы және өкілді билік арасындағы тепе-теңдіктің, өзара сенім мен жауапкершіліктің көрінісі.

Бұл қадам Қазақстанды тұл­ғалық басқарудан инсти­туционалдық басқаруға қарай бір саты ілгерілетеді.

Екінші. Қоғамдық диалог­тың жаңа алаңы – Халық Кеңесі.

Ассамблея мен Ұлттық құ­рылтай өздерінің тарихи мис­сиясын адал орындады. Олар күрделі кезеңдерде ел бірлігін сақтауға, қоғамды ұйыстыруға қызмет етті. Алайда уақыт өз­герді, қоғам күрделене түсті.

Енді Қазақстанға тек кеңес беретін емес, пікір қалыптас­тыратын, қоғамдық жауапкер­шілік алатын жаңа сападағы алаң қажет.

Халық Кеңесі – дәл осын­дай платформа болмақ. Бұл – әртүрлі көзқарастың қақтығыс алаңы емес, ортақ мүддені із­дей­тін ұлттық келісім кеңістігі.

Халықаралық тәжірибеде мұндай органдар бар. Мәселен, Франциядағы Экономикалық, әлеуметтік және экологиялық кеңес немесе Испаниядағы Аза­маттық диалог кеңестері би­лік пен қоғам арасындағы көпір рөлін атқарады. Олар заң шығармайды, бірақ саяси ше­шімдердің мазмұнына тікелей ықпал етеді.

Қазақстандағы Халық Ке­ңесі де формальды орган емес, қоғамдық пікірді жүйелеп, би­лікке нақты сигнал беретін тетікке айналуы тиіс.

Үшінші. Парламенттік ре­форма және Құрылтай.

Бір палаталы Парламентке көшу – бюрократиялық кедер­гілерді азайтып, шешім қабыл­дау процесін жеделдетуге ба­ғыт­талған қадам. Бұл модель көп­теген елде тиімділігін дә­лелдеген.

Мәселен, Швеция, Фин­лян­дия, Дания, Жаңа Зеландия сынды демократиялық мем­ле­кеттерде бір палаталы Парла­мент жүйесі жұмыс істейді. Онда депутаттың жеке жауап­кершілігі жоғары, ал заң шы­ғару процесі ашық әрі жедел.

Ал Парламентке «Құрыл­тай» атауын беру – терең сим­волдық әрі саяси мәнге ие. Бұл – қазақ халқының тари­хи сая­си дәстүрін қазіргі заман­ғы мем­лекетпен ұштастыру әрекеті.

Құрылтай – тек заң қабыл­дайтын орган емес. Ол халық­тың сөзі билікке жететін, ал би­­лік халыққа есеп беретін орын болуы тиіс. Бұл атау мем­ле­кеттің легитимділігі тек Конс­­титу­циядан ғана емес, ха­лықтық дәстүр мен тарихи жа­ды­дан бастау алатынын көрсетеді.

Яғни, ұсынылып отырған өзгерістер – жекелеген рефор­малар жиынтығы емес. Бұл – Қазақстанды басқарудың жаңа философиясы. 

Қазақстан өзгеріп жатыр.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ,

Парламент Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью