Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: ерлер арасында өтетін жекелей жарысқа Қазақстан атынан кімдер қатысады

22.01.2026

Zakon.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алғашқы жарыс күні ерлер арасында жекелей сайыс өтеді.

Қазақстан құрамасынан жарысқа үш спортшы қатысады. Ел намысын Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Александр Мухин қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогы кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алдындағы соңғысы болмақ. Бұған дейін Владислав Киреев пен Әсет Дүйсенов Қазақстанның олимпиадалық құрамасына енген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью