Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алғашқы жарыс күні аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасынан үш спортшы бақ сынады.
Владислав Киреев 37-орынға тұрақтаса, Әсет Дүйсенов 70-орынға жайғасты. Ал Александр Мухин 75-орында мәреге жетті.
Франциялық Эрик Перро жеңімпаз атанды. Оның отандасы Эмильен Жаклен екінші болып келсе, үздік үштікті Италия өкілі Лукас Хофер түйіндеді.
Бүгін, 23 қаңтарда, әйелдер арасындағы жеке жарыс өтеді. Қазақстан құрамасынан Айша Ракишева, Милана Генева және Дарья Климина жарыс жолына шығады.
Жарыс Астана уақытымен 22:15-те басталады.