Биатлоншының өлімінен кейін жаттығу бетпердесіне тыйым салынды

02.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

HLN.be

Норвегиялық биатлоншы Сиверт Баккеннің өлімінен кейін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік WADA гипоксия маскаларын қолдануға тыйым салмақшы. 

Бұл туралы Норвегияның Verdens Gang басылымы хабарлады.

Еске сала кетсек, 27 жастағы биатлоншы Сиверт Баккен 23 желтоқсанда белгісіз жағдайда биік таулы жерде көз жұмды. Спортшының денесі табылған кезде оның бетінде гипоксиялық деп аталатын бетперде болған. Гипоксиялық бетперде – бұл биатлоншы жаттығу кезінде киетін маска. Ол масканы таққан кезде спортшы таудың биік шыңында жүргендей тынысы барынша тарылады екен. Яғни гипоксиялық бетперде – адамның төзімділігін арттыруға арналған қосымша спорттық құрал.

Қайғылы оқиғадан кейін Норвегия Олимпиада комитеті бұл маскаға бірден тыйым салды. Енді оқиғаны тергеумен айналысып жатқан Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік WADA да дәл осындай қадамға баруы әбден мүмкін.

Ұйым 7 мың метр биіктікте жүргендей етіп, адамды тұншықтыратын мұндай бетпердені қолдану спортшыны тіпті өлтіріп қою мүмкін екенін айтып, оның адам өміріне төнген қауіп екенін мойындады. WADА қабылдағалы отырған тыйым туралы шешім жуық айларда дауысқа салынатын болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью