Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында қытайлық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді

31.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бибісара — блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Рапид және блиц шахматтан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында Бибісара Асаубаева Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Чжу Цзиньэрді 3:0 есебімен жеңді. Ал финалда екі дүркін әлем чемпионы Анна Музычукты ұтып, жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева осыған дейін 2021 және 2022 жылдары блиц шахматтан әлем чемпионы атанған. 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында Екатерина Лагно мен Бибісара Асаубаева ғана үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью