Бибісара Асаубаева президентке үндеу жолдады министрлік шұғыл брифинг өткізді

10.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның президентке жолдаған үндеуінен кейін шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық гроссмейстер соңғы жарыста алдын ала чемпион атанды. Оның айтуынша, барлық шығынды өз қалтасынан төлеген. Жаңа министр келгеннен кейін жалақысын үш есеге қысқартып тастапты. Ал федерация тарапынан ешқандай қаржылай көмек болмаған.

Бұған дейін Асаубаева II дәрежелі "Барыс" орденін алуға Ақордаға келе алмаған болатын.

"Одан кейін мен министрдің шақыруымен Астанаға үш рет келдім. Бірақ үш рет те оның бастамасымен кейінге шегерілді. Өкінішке қарай, мен орденді әлі де алған жоқпын", - дейді шахматшы.

Вице-министр Серік Жарасбаев шұғыл брифинг өткізіп, мемлекет тарапынан бөлінген қаржының көлемін жариялады.

"Былтыр біз Бибісара Асаубаеваға дайындық барысында барлығы 160 миллионнан астам теңге берсек, биыл жарты жылдың ішінде федерация мен қордың ақшасын бірге санағанда оған 210 миллион теңге бөлінген болатын. Сондықтан қазір оның жарысқа өз ақшамның есебінен дайындалдым деген мәлімет шындыққа сай келмейді", - деп атап өтті Жарасбаев.

Осылайша, биыл Асаубаеваға министрлік мен спортты қолдау қорынан 100 миллион теңге бөлінсе, федерация тарапынан 80 миллион теңге бөлінген.

"Сонымен қатар былтыр әлем чемпионы атанғаны үшін 25 миллион теңге сыйақы берілді", - деп толықтырды вице-министр.

Жарасбаев шахматшы алатын жалақының не себепті азайып қалғанын да түсіндірді.

"Бүгінде спортты дамыту дерекциясы арқылы ай сайын жалақысы төленіп тұрады. Ол расында да екі жыл бұрын екі есе көп болды. Бірақ қазір азайды, себебі шахмат басым спорт түрлеріне кірмейді. Былтыр президент арнайы заңға қол қойған болатын. Онда 46 басым спорт түрлері бекітілген. Оған шахмат кірмейді. Осыған байланысты жалақысы сәл азайды. Бірақ қалған қаражат толығымен төленіп жатыр", - деп түйіндеді ол.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью